Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасына сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Шолпан Ата қаласынан хабарлады.
Қазақстан Президенті Шолпан Атада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің алтыншы саммитіне қатысады.
Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғыз Республикасының басшысы Сооронбай Жээнбековпен кездесуі, сонымен бірге ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр.