Азия ойындарында байдарка мен каноэде ескек есуден Палембангта өтіп жатқан финалдық кезеңде Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 1000 метрге екі адам болып жарысуда Илья Голендов пен Андрей Ергучев күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшылардың алдын қытайлықтар орап кетті.
Илья Голендов пен Андрей Ергучев жұбының көрсеткіші — 3.23.815. Ал алтын жүлде алған Қытай командасының уақыт көрсеткіші — 3.23.601.
Қола жүлде Өзбекстан командасының еншісінде.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең төрт адамдық сында Қазақстан командасы алтын жүлдегер атанған болатын.