Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Азия ойындарында Қазақстан тоғызыншы алтын медальға қол жеткізді

Фото: Сали Сабиров

Бүгін Палембангта байдаркада және каноэде ескек есу жарысынан финалдық кезең басталды.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 500 метрге төрт адамдық жарыста Қазақстан командасы мәре сызығын бірінші болып кесті.

Бұл сында ел намысын Илья Голендов, Сергей Токарницкий, Андрей Дергунов және Евгений Алексеев қорғады.

Қазақстандықтардың уақыт көрсеткіші — 1.24.203.

Күміс жүлде Оңтүстік Корея (1.25.313), қола жүлде Иран (1.26.939) құрамасына бұйырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version