Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Азиада-2018: Елдос Сметов Джакарта ауруханасына жеткізілді

Елдос Сметов. Фото: Данияр Майлыбаев

Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Джакартада ауруханаға жеткізілді.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескерту санымен ұтылған еді.

Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметов ауруханаға жеткізілді.

Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар

, — дейді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева. Айта кетейік, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне де шыққан жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version