Азия ойындары: 29 тамыз күні Қазақстанның атынан кімдер сынға түседі?

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарының 29 тамыздағы жарыс күнінде еліміздің қандай спортшылары бақ сынайтынын оқырман назарына ұсынады.

Бүгін Қазақстанның дзюдошылары, боксшылары, жүзгіштер командасы, велотрекшілері мен жеңілатлеттері медальға таласады. Сонымен бірге байдаркада және каноэде ескек есу сындары басталады.

Төменде жарыстар кестесі Астана уақыты бойынша көрсетілген:

Жеңіл атлетика. Іріктеу сындары және финал. Ерлер, әйелдер

А. Ратова, Д. Айдосова, Г. Шейко, Н. Филиппов, С. Григорьев, О. Сафронова, А. Гусаров, Н. Дубовицкая, Р. Кашафутдинова, В. Зябкина, А. Виноградова, А. Шыназбекова, Д. Ефремов, В. Земс, В. Земс, А. Каспер, В. Григорьев

05.00 және 17.40

Байдаркада және каноэде ескек есу. Алдын ала раунд, жартылай финалдар. Ерлер

А. Дергунов, И. Голендов, С. Токарницкий, Е. Алексеев, А. Ергучев

07.50

Дзюдо. Ерлер, әйелдер

Е. Сметов (60 келі), О. Галбадрах (48 келі), К. Қарасайқызы (52 келі), Е. Жұмақанов (66 кг)

08.00

Велотрек. Спринт, жеке ізге түсу жарысы. Ерлер

А. Захаров, С. Пономарев, П. Воржев

08.00. Финал – 15.45

Синхронды жүзу. Командалар

А. Маткова, О. Ездакова, Е. Крылова, Е. Симонова, К. Тыныбаева, Я. Дегтярева, Д. Русанова, А. Немич

09.00. Финал – 13.00

Желкенді спорт. 5-күн. Ерлер, әйелдер

Р. Жанғазов, К. Жанғазова, Б. Құбаев, Е. Югай

11.00.

Волейбол. Ширек финал. Әйелдер

Қазақстан — Жапония

11.30

Бокс. Ширек финал. Ерлер, әйелдер

Н. Қызайбай (51 келі), Т. Жүсіпов (49 келі), Ә. Аманқұл (75 келі), Б. Ибрагимов (64 келі)

12.30

Күрес. Ерлер, әйелдер

Ж. Сұлтан. А. Ермекбаев, Ү. Дүйсенбаева, Н. Құбашева

15.10

Гандбол. 5-6 орындар үшін талас матчы. Әйелдер

Қазақстан — КХДР

15.00