Ninety Onе жігіттері осы жылдың күз айынан бастап Q- GENERATION брендінің киімдерін елге таныстырмақ.
Бұл бренд – Juz Entertainment және жас дизайнер Bibotta-ның бiрiгiп жасаған жұмысы. Атышулы топтың мақсаты “QG” (кьюджи) брендi арқылы отандық өнімге үлес қосып, sport casual стиліндегі жастарды қол жетімді бағада киіндіру. «QG маркасымен жейделер, көйлектер, рюкзактар, аксессуарлар және де мектеп құралдары секілді, күнделікті киюге арналған киімдер де шығарылатын болады»-, деді Ninety One тобы.
Топтың бұл жаңалығын естіген тыңдармандары міндетті түрде аталған брендтің киімдерін сатып алатындықтарын жарыса жеткізді. «Біз сіздермен əрқашан біргеміз», «Иә біз сіздермен біргеміз», «Тек қана алға, біз сендерді қолдаймыз», — деген пікірлерін қалдырған.