Бүгін «Астана» мен «Қайрат» клубтары Қазақстан кубогын сарапқа салады

Бірінші кезекте негізгі оқыту пәндері бойынша әскери қызметшілердің дербес даярлығы бағаланды. Содан кейін жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау барысында бөлімшелердің жинақылығы тексерілді. Нақтырақ айтсақ, олар – дабыл бойынша қауырт көтерілу, мақсатты аудандарға шығу, практикалық атысты орындау, тактикалық оқу-жаттығуларын, сондай-ақ жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету іс-шараларын жүргізу.

Бірінші кезеңнен кейін әдеттегідей екінші кезең басталады. Қарашаның 23-і күні қорытынды тексеру ҚР ҚК қалған әскери бөлімдерінде өтеді.

Қорытынды тексерулер – жауынгерлік даярлықты нығайту барысында армияның жылдық нәтижелерін, табыстарын соңғы рет бағалау. Бұл ауқымды іс-шара жыл сайын Қарулы Күштерді толық қамтып, оған қатардағы жауынгерден генералға дейінгі қазақстандық армияның жеке құрамы 100% қатысады.

2015 жылғы қорытынды тексеру 16 қараша күні басталды. Осы айдың соңына дейін әскери қызметшілер кәсіби тұрғыда білуге міндетті атыс даярлығы, әскери көліктерді жүргізу, дене даярлығы, мемлекеттік-құқықтық және басқа да даярлық түрлерінен және командирлік даярлықтан нормативтер тапсырады.

Нәтижелері бойынша үздік құрылым, үздік әскери бөлімдер және үлгілі әскери қызметші анықталады. Қорытынды тексерулердің нәтижелері елімізде Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін жетілдіру үшін алдағы бағыттарды айқындап, әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік береді.

ДереккөзBNews.kz