Бүгінде Астанада көмір өнімін сататын 7 негізгі орын бар. Әкімдіктің мәліметінше, қатты отынның жалпы қоры 15 мыңнан астам тонна болады.
Дәл қазіргі таңда Астанада көмір тапшылығы мәселесі байқалмайды. 17-сі мен 25 тамыз аралығында Астанаға 90 вагон немесе 6 223 тонна көмір келіп түсті.
Сонымен Шұбаркөл көмірінің бір тонна бағасы — 12 500-14 500 теңге, Қаражыра көмірінің бір тоннасы — 14 000 теңге, Майкөбе көмірінің бір тоннасы — 12 500 теңге.
Айта кетейік, Астана отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір сатушылармен бағаны өсірмеу туралы меморандумға қол қойған.
Астана әкімдігі көмір нарығындағы жағдайға күн сайын мониторинг жүргізіп, бақылауында ұстап отыр. «iКөмек 109» базасында халықпен тікелей байланыс желісі құрылды.