Басты бет Жаңалықтар Атырауда «е-ПИК» жобасы енгізіледі

Атырауда «е-ПИК» жобасы енгізіледі

Атыраулықтар электрондық ПИК порталынан жеке кабинет ашып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты мәселелер бойынша өтініш қалдыра алады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиев мәлім етті.

Аталған жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асады. Мақсаты — кондоминиум объектісін басқарушы органдар мен қала тұрғындары арасындағы дауларды азайту, ПИК қызметіне автоматтандырылған шешім енгізу. Нәтижесінде, тұрғындар үшін қызмет көрсету сапасы жақсарып, жұмыстың айқындылығы артпақ, — дейді Қайрат Хабиев.

«е-ПИК» жобасы шеңберінде атыраулықтар арнайы порталда жеке кабинет ашып, өтініш қалдыра алады. Сонымен қатар жеке кабинетте ПИК хабарламаларын оқуға мүмкіндік қарастырылған. Спикердің айтуынша, қала тұрғындары деректерін «е-ПИК» жобасына Atyrau.opencity.kz сайты арқылы енгізе отырып, арыз-шағымдар, тапсырыстарын жаза алады. Айта кетелік, бұл жобаның ұялы қосымшасы қазан айынан бастап іске қосылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version