Алматыда Қазақстандағы тұңғыш OBI ашылады

30 тамызда Алматыда үйді жөндеу мен әрлеуге, саяжай мен қала сыртындағы учаскеге, сонымен бірге бау-бақша және ландшафт дизайніне арналған кең ауқымды тауар түрлері бар Қазақстандағы тұңғыш OBI гипермаркеті ашылады.

Гипермаркет Саин және Төле би көшелерінің қиылысында орналасқан.

OBI – үйді жөндеу мен жайластыруға және бау-бақшаға арналған DIY («өзің жаса») форматындағы, жарты ғасырға жуық тарихы бар халықаралық гипермаркеттер желісі. Бірінші OBI 1970 жылы Германияның Гамбург қаласында ашылды, қазір Орталық және Шығыс Еуропада, Ресейде 650-ден астам гипермаркеті бар. Енді ол Қазақстанда да болады.

Алматыдағы OBI гипермаркеті — бұл «Барлығы құрылыс пен жөндеуге арналған», «Жарық», «Бояу мен зерлеу», «Сантехника мен асүйлер», «Темірден жасалған бұйымдар мен электр құралдары», «Үйдегі тәртіп», «Бау-бақша жұмағы» санаттарындағы 45 000 сауда позициясы қойылған жалпы ауданы 10 500 шаршы метр болатын сауда алаңдары.

Үлкен «Бау-бақша жұмағы» – OBI-дың Алматыдағы ерекше мақтанышы. Алматыдағы «Бау-бақша жұмағының» сауда алаңы 3 500 шаршы метр аумақты алып жатыр. Аталған бөлім атауына сәйкес келеді. Өйткені мұнда өсімдіктер, бақша техникасы мен құралдары, саяжай, бау-бақша тауарлары, табиғаттағы демалыс және ландшафт дизайнының кең ауқымды сұрыпталымын табуға болады.

Танымал франшизаны Қазақстан нарығына Asadel Retail компаниясы ұсынып отыр.

Біз отандастарымызды озық халықаралық тәжірибелермен және жөндеу, саяжай мен бау-бақша тауарлары нарығындағы заманауи шешімдермен таныстыруды мақсат тұттық. Үйді жөндеу мен жайластыруға арналған тауарлар сұрыпталымында қазіргі уақытта Еуропа, Ресей мен Қытайда өндірілген тауарлар басым түседі. Әр санатта біз сатып алушыларға тек кең ауқымды сұрыпталым емес, сонымен бірге оңтайлы баға сатыларын ұсынып отырмыз. Демек, сатып алушылар барлық баға сегменттерінде өздеріне сәйкес ұсыныстарды тауып алуына жағдай жасалған. Тұтынушыларға тиімді бағаға сатылатын сапалы тауар қамтамасыз етуге ұмтыламыз, — дейді Asadel Retail бас директоры Ерлан Сейсембаев.