Бас имам «Райымбек» мешіті жамағатымен жүздесті

Жұма күні Алматы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы Медеу ауданы «Думан» ықшамауданына қарасты «Райымбек» мешітінің жамағатымен жүздесті.

Бас имам мешіттің ауласын аралап, жаңадан салынып жатқан қосалқы бөлмелерін көрді. Дәрісхана мен шәкірттерге арналған жатақханамен танысты. Бәріне оң бағасын беріп, мешіт қызметкерлеріне өзінің тиісті тапсырмаларын жүктеді.

Бас имам мешіт жамағатымен аман-саулық сұрасқаннан кейін мінберге шығып, жұма уағызын жүргізді. Жұма уағызы «Білім алу – әрбір мұсылманға парыз» тақырыбында болды.

Білім алудың діндегі орны өте үлкен. Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әрбір мұсылман әйелге парыз екені бәрімізге белгілі. Адам баласын ізгілік пен терең ойға жетелеуші болған Құран Кәрім де Алла тарапынан Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) алғаш «оқы» деп түсе бастаған. Ислам – әрбір адамды оқуға үндейтін ғылым діні. Қазіргі таңдағы қарыштап дамыған сан-салалы ғылымдардың бастауында мұсылман ғалымдары тұр. Бұл олардың асыл дініміздің «оқы» деген әмірін мүлтіксіз орындағандарын білдіреді. Сондықтан әрбір мұсылман адам қазақ атамыздың «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз – күнің жоқ», «Білімдінің күні – жарық, білімсіздің күні – ғаріп» деген нақыл сөздерінен тәлім ала білгендері жөн

, – дейді Еркінбек қари Керімбекұлы.

ДереккөзAzan.kz