Басты бет Жаңалықтар Ербол Әбілдинов Алматы метрополитеніне басшы болып тағайындалды

Ербол Әбілдинов Алматы метрополитеніне басшы болып тағайындалды

Ербол Әбілдинов 2017 жылдың наурызынан бері "Алматыметроқұрылыс" кәсіпорнын басқарып келген еді.

Ербол Әбілдинов. ©Metroalmaty.kz

Алматы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының 2018 жылғы 25 тамыздағы бұйрығымен «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына Ербол Әбілдинов жаңа директор болып тағайындалды. Бұл жөнінде метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлады.

 Ол бұрын «Алматыметроқұрылыс» АҚ басқарған. Қалалық жерасты метросының жаңа басшысы 54 жаста, Жезқазғанда дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын (АСҚИ), Халық шаруашылығы университетін бітірген, сәулетші және экономист мамандығынан бастап, көп лауазымда жұмыс істеді.

Ербол Әбілдинов 2017 жылдың наурыз айында «Алматыметроқұрылыс» АҚ бас директоры болып тағайындалған.

Метрополитен қызметкерлеріне жаңа басшыны жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байқоңыров таныстырды.

Алматы метрополитетін бұған дейін Мұрат Өкшебаев, Қуат Мұсабеков, Айдын Оразханов, Нұрлан Мұханов және басқалар басқарды. Олардың бәрі түрлі дау-жанжалға байланысты жұмыстан босатылған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version