Басты бет Жаңалықтар Алматы полициясы атыстан қаза тапқандардың аты-жөндері мен суреттерін жария етті

Алматы полициясы атыстан қаза тапқандардың аты-жөндері мен суреттерін жария етті

Бүгін, 18 шілде күні Алматының бірнеше ауданында белгісіз адамдар тобы полицияға шабуыл жасап, нәтижесінде үш бірдей тәртіп сақшысы қаза тапқан еді. Сондай-ақ, бір бейбіт тұрғын көз жұмып, бірқатар полицейлер ауыр жараланған.

Полицияның мәліметінше, қаладағы атыстардан қаза тапқандар:

Нұрмұхамедов Бауыржан Мәлікұлы — ІІД ӘПБ жол-патрульдік полициясының өзіндік қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, 1988 жылғы. Ішкі істер органдарында 2011 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, қызы бар.

Сәлімбаев Мақсат Қолғанатұлы — полицияның кіші сержанты, ІІД ЖПҚ ЖПП полкінің полицейі, 1991 жылғы, ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері қызмет етіп келген. Үйленген, қызы бар.

Ғалиев Аян Ерболғанұлы — полиция старшинасы, Алматы қалалық МКҚБ ММ полициясының 2-ші батальонының полицейі, 1974 жылғы, ішкі істер органында 1997 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, екі қызы бар.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды, қазіргі уақытта Алматыда «Жедел ұстау» арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды», — делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Жансақтау бөлімінде 7 полицей жатыр. Алматыда террорлық қауіптің «қызыл деңгейі» жарияланған.

Алматыда болған оқиғаға байланысты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы көптеген қауесет таралып жатыр. Мысалы «Жұлдыз» ықшамауданында және Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген ақпараттар расталмады.

11 пікір

  1. Марқұмдардың жаны жəннəтта болсын ! Қазақтар , не боп бара жатырсыңдар !? Қандастарыңа қиянат жасап , нені дəлелдедіңдер ? Теріс ағыммен кетпесеңдерші. Бəрімізді қолдайтын бір Алла ғой!

  2. Жандары жәннатта болғай!!! мине динимиздиң сауатсыздығыннан қаншама пенде зардап шегип жатыр жоғарғы Имамдар Әр пендеге ұйретуи керек өмірдің заңдарын өзим окысам болды демей

  3. Жандары пейіште болғай! Көрмеген қызықтарын, жасамаған жасын балаларына берсін! Өкінішті, амал қанша? !…??

  4. Каза тапкандардын жаны Жаннатта болсын! Максат манги есте каласын сени ешким умытпайды, тым ерте кетеди деп ким ойлаган. Жарынмен кызына Аллах жар болсын…. Жаным жанын Жаннатта болсын 🙁 🙁 🙁

    • Каза тапкандардын арты кайырлы болсын полициялар халыкты коргайды полицияларды ким коргайды куни туни халыктын камын ойлап жумыс истиды айлыктары мардымсыз олгеннен кейын миллиондап акша бирип уй бергени не керек тиры кезынде бермегесин

  5. Қаза болған жандардың иманы саламат болсын! Жакын туыстары мен отбасына түскен ауыртпалықтарды Аллаh жеңілдетсін.
    Кімнің қай күні, қай жерде, қандай жағдайда жан тәсілім ететіні тек бір ғана Аллаhка аян. Бұл кісілердің де тағдырында бар болғаны да осы нәрсе. Мұндай жағдайлар қай заманда да болған. Сондықтан біреуді кінәлау артық болар…
    Ислам дінінің жер бетінде салтанат құруына қарсы көзқарастағылар «жалған намазхан» болып сакқал қойып, «жалған хиджаб» киіп, кісі өлтіріп жатқан жағдайлар өте көп, оған имамдарды кінәлай алмаймыз. Әрбір адам өз өмірінің иесі, соны қарапайым болса да мәнді, мағыналы өткізуге талпынса жетерлік болар еді деп ойлаймын, діни түсінігі болмаған жағдайда да. Ал, Аллаhты танып, оның бірлігін ұғынған жан жәндікті де өлтіруге батылы бармас еді.

  6. Қандай өкінішті. халықтың шырқын бұзған қанішер ай! Соншама адамның үйіне қаралы күн тудырды ау. Бір ғана адам қаншама адамның жүрегіне жара салды. Полиция қызметкерлеріне осы сәтте мың алғыс жаудыруымыз керек. Біздің тыныштығымыз үшін жанын құрбан еткендер үшін алғысымыз шексіз…

  7. Жандары Жаннтка барсын! кыздары ашык ашык аспанда, бакытты омир сурсин деп тилеймиз!!!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version