Басты бетЖаңалықтарАстана әкімдігінің...

Астана әкімдігінің білім беру гранты иегерлері белгілі болды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру гранттары ережесін бекіту туралы» қаулысы және Астана әкімдігінің қаулысы негізінде конкурстық комиссия Астананың жергілікті бюджет қаражатынан жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантына үміткерлер тізімін бекітті.

Білім беру грантына барлығы 731 адам ие болды. Олар 11 жоғары оқу орнында білім алады. Грант «Педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Дефектология», «Ақпараттық жүйелері», «Дизайн», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Математика», «Бағдарламалаушы», «Сәулет», «Журналистика», «Туризм» және басқа да мамандықтар бойынша берілген.

Астана әкімдігі бөлген грант иегерлерінің есімдерін мына жерден көре аласыз.