Басты бет Жаңалықтар Алдағы үш жылда Қаржы министрлігі әлеуметтік салаға басымдық береді

Алдағы үш жылда Қаржы министрлігі әлеуметтік салаға басымдық береді

Қаржы министрлігі Үкіметтің ел азаматтары алдындағы әлеуметтік міндеттемелеріне басымдық берілетінін атап өтті.

©kapital.kz

Министрлік 2019-2021 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің жобасын қоғам мен бизнеске таныстырды. Негізгі шығындар адам капиталын, экономиканың нақты секторларын дамытуға, күш құрылымдары мен жалпы мемлекеттік шығыстарға қарастырылған.

«Республикалық бюджеттің шығындары 2019 жылы 10,6 триллион теңге, 2020 жылы 11 триллион теңге, 2021 жылы 11,4 триллион теңге болады», — деп хабарлады қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысында.

Әлеуметтік саланың шығыстары 2019 жылға 4,7 триллион теңге көлемінде жоспарланып отыр. Бұл жалпы шығыстардың 44,1%-ы және осы жылдың жоспарынан 463 миллиард теңгеге жоғары.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version