Басты бет Жаңалықтар «Біздің Денис» кітабын бір айда 1 миллион адам жүктеген

«Біздің Денис» кітабын бір айда 1 миллион адам жүктеген

"Біздің Денис" кітабының электрондық нұсқасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланған болатын. 

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Бір айдың ішінде электрондық кітапты 1 миллион адам жүктеп алды. Соның ішінде 30%-ын Қазақстан, 15%-ын Ресей, 8%-ын Қырғызстан, 13%-ын Оңтүстік Корея, 6%-ын Өзбекстан, 8%-ын Франция, 10%-ын АҚШ, 3%-ын Түркия, 4%-ын Италия, 3%-ын Канада және тағы басқа елдердің азаматтары жүктеген.

Айта кетейік, Ұлттық Академиялық кітапхана қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қаза табуына байланысты «Біздің Денис» деп аталатын кітап шығарды.

Кітапта спортшының өмірбаяны, жарқын сұхбаттары, сонымен қатар ел, отбасы және өмір туралы айтылған пікірлері келтірілген. Онда Денистің сирек кездесетін және жарыстар мен әр түрлі іс-шаралардан естелік фотосуреттері енгізілген. Электрондық кітапта әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың естеліктері де бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version