Футзалдан Қазақстан командасының финалға өтуі сенсацияға баланып отыр

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ақпарат және спорт  ХАБ-ы хабарлағандай, қонақтар үшінші минутта есеп ашып үлгерді. Содан соң жетінші минутта Дәурен Тұрсағұлов есепті теңестірді. Бірнеше секундтан кейін португалиялық Абреу қақпаға ұзақтан гол салды. Осылайша футбол жанкүйерлері тамаша ойынға куә болды.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан тарихта алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты.

«Бұл сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біз тарихты жазып жатырмыз. Жеңіске жанкүйерлеріміздің арқасында жеттік. Осыншалық жақсы қолдау көрсеткені үшін оларға алғысым шексіз. Алда Ресеймен шешуші ойын күтіп тұр, жеңеміз деген үміттеміз», — дейді қазақстандық футболшы Дәурен Тұрсағұлов.

Қазақстан мен Португалия құрамаларының финалдық ойыны 26 тамыз күні Алматыда сағат 16.00-де өтеді.

ДереккөзSputniknews.kz