Басты бетЖаңалықтарБейбіт Атамқұлов...

Бейбіт Атамқұлов 84 түлекті тегін оқытатын болды

«Биылғы түлектердің мектеп бітіру уақыты – Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Демек, биылғы жыл еліміз үшін де, біздің түлектер үшін де маңызды әрі сәтті болады деген ойдамын. Сіздер Елбасы армандаған мәңгілік болашақтың бүгінгі жас құрылысшылары екендеріңізді еш уақытта естен шығармаңыздар. Себебі, Елбасымыз жастардың білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуын үнемі айтып отырады. Білім арқылы сіздер еліміздің үлгілі азаматы болады деп сенемін», — деді облыс әкімінің орынбасары. Мұнан соң Сәдібеков игі бастамаға қолдау көрсеткен 12 жоғары оқу орнының басшыларын облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты мен Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінен 15 орыннан 30 орын бөлінсе, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті 10 білім грантын тағайындаған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен «Сырдария» университеті 8 гранттан 16 орын дайындаса, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 6 грант, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті мен «Мирас» университеті және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінен 5 орыннан 15 білім гранты табысталды. Ал «Шымкент» университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы 3 орыннан 6 білім грантын бөлсе, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-да 2 түлек тегін оқитын болады.

Ақпарат ретінде айта кетейәк, 2015-2016 оқу жылында облыста 199 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (28-і балалар үйлернің түлектері) 11-сыныпты бітірді. Олардың 84-і облыстағы жоғарыы оқу орындарына, 100-і колледждерде, 6-ы республиканың басқа өңірлерінде білім алуға, 9-ы жұмыс істеуге ниет білдірді. Жоғары оқу орындарында білім алуға ниет еткен 128 түлектің 90-ы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде 50 балдан жоғары жинады.

Дереккөзkorrespondent.kz