Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Азиада-2018: Евсеев пен Бублик жұбы теннистен күміс медаль алды

Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Александр Бублик Азия ойындарында күміс медальға қол жеткізді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ерлер арасындағы сында жұптасып өнер көрсеткен теннисшілеріміз финалда үндістандық спортшыларға есе жіберді.

Рохан Бопанна мен Дивиж Шаран жұбы 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бұл — біздің теннисшілердің Азия ойындарындағы екінші медалі. Бүгін Данилина-Айнитдинова жұбы қола жүлдегер атанған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version