Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда үш тәулік бойы жаңбыр жауады

Қазақстанда үш тәулік бойы жаңбыр жауады

Солтүстік облыстарда жауын-шашын мол түседі.

Фото Интернеттен алынды

25-27 тамыз күндері солтүстік облыстарда нөсер жауады. Бұл туралы «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, жоғары циклонмен байланысты белсенді бұлтты массив Қазақстанның солтүстік аудандары үстіне орналасты. Алдағы үш тәулікте осы циклонның ықпалынан солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, найзағай кезінде қатты дауыл тұрып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Сенбі-жексенбі күндері солтүстік облыстардың кей жерлерінде нөсер жаууы мүмкін. Бұл күндері республиканың қалған аумағында жауын-шашын аз болады, ал ауа температурасы осы кезеңде көпжылғы норма шамасында және кей жерлерде нормадан 2-4 градусқа төмен болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version