Басты бет Жаңалықтар Тамызда ауа райы қандай болады?

Тамызда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері тамыз айындағы ауа райына болжам жасады. Бұл айда еліміздің оңтүстік және оңтүстік-батысынан басқа өңірлерде ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болады деп күтіледі.

Көрнекі сурет

Гидрометеорологтардың мәліметінше, 1-3 тамыз аралығында жаңбыр жауып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді және ауа температурасы төмендейді:

  • солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +7°С, +15°С, күндіз +22°С, +33°С;
  • оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде +12°С, °+22°С, күндіз +27°С, +35°С жылы болады;

Cонымен қатар еліміздің батысында ауа температурасы түнде +12°С, +20°С жылы, күндіз +27°С, +35°С жылы болады деген болжам жасалды.

Республиканың басым бөлігінде жылы ауа массасының шығуымен ауа температурасының көтеріледі:

  • солтүстік бөлігінде күндіз +30°С, +35°С дейін жылы;
  • оңтүстік бөлігінде күндіз +33°С, +38°С дейін, жеке аудандарда +40°С дейін жылы болады.

Алдын ала болжамға сәйкес, суытудың кезекті толқыны екінші онкүндіктің екінші жартысында және үшінші онкүндіктің бірінші жартысында күтіледі.

Жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан төмен, тек республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығыста және оңтүстік-шығысында нормаға жақын болады деген болжам жасалды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version