Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев: Бауырлас түрік халқын болған оқиғаға қатысты төзімділік танытуға шақырамыз

Нұрсұлтан Назарбаев: Бауырлас түрік халқын болған оқиғаға қатысты төзімділік танытуға шақырамыз

Қазақстан Президенті Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға қарулы төңкеріс жасау әрекетіне байланысты жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта Елбасының жекелеген теріс пиғылды күштердің Түркияда қарулы төңкеріс жасау әрекеті туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдағаны атап өтілген.

«Қайғылы оқиға салдарынан барлық қаза болғандар мен зардап шеккендер отбасыларының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Бауырлас түрік халқын бірлестікке және болған оқиғаға қатысты төзімділік танытуға шақырамыз. Жағдайдың тезірек ретке келетініне сенімдіміз. Түрік халқы мемлекеттің демократиялық жолмен сайланған қазіргі басшылығымен бірге барлық сын-қатерлерге төтеп беріп, демократия және өркендеу жолындағы тұрақты дамуын жалғастыратынына еш күмән келтірмейміз», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға тілектестігін білдіріп, достас елдердің жарқын болашағына сенімділігін жеткізді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version