Дарынды балаларға аранлған «Жас дарын» арнайы мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы Әмір Мохаммед-Әли Гоконгте өткен халықаралық IMO олимпиадасында бірінші орын иеленді, деп жазады Today.kz.
Халықаралық олимпиадаға Қазақстан атынан алты оқушы барған. Нәтижесінде жас математиктер елге бір алтын, бір қола және үш күміс жүлдемен оралды. Айта кетейік, тоғызыншы сынып оқушылары 10-11 сыныптарға арналған олимпиадаға қатысқан. Ал жарыс алдында Алматыда дайындықтан өткен.
Әмірді даярлаған математика пәнінің мұғалімі Арыстан Текеновтың айтуынша, оқушыға жеңіс оңайға соққан жоқ.
«АҚШ, Франция, Қытай, Ресей мен өзге мемлекеттердің ең үздік оқушылары оған қарсылас болды. Мен онымен үшінші жыл жұмыс істеп келемін – ол өте талантты», — дейді мұғалім.