Басты бет Жаңалықтар Танымал журналист Әлисұлтан Құланбай дүниеден өтті

Танымал журналист Әлисұлтан Құланбай дүниеден өтті

Белгілі журналист, "Егемен Қазақстан" газетінің ардагері Әлисұлтан Құланбай 64 жасында дүниеден озды.

Әлисұлтан Құланбай ©Baq.kz

Әлисұлтан Құланбай 1954 жылы 21 қаңтарда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкендиқан ауылында дүниеге келген.

1961 жылы «Октябрь» орта мектебінің табалдырығын аттап, 1974 жылы оқуын тәмамдайды. 1972-1974 жылдары Кеңес әскерінің қатарында азаматтық борышын өтеген. Еңбек жолын Ұйғыр ауданындағы «Октябрь» колхозында колхозшы болып бастаған.

1978-1979 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің дайындық бөлімінің тыңдаушысы, 1979-1984 жылдары осы оқу орнының журналистика факультетінде білім алған. 1984-1991 жылдары республикалық «Еңбек таңы» журналында корректор, аға редактор боп қызмет атқарған.

1991-1995 жылдары «Ауыл» («Дала дидары») газетінде тілші, сектор меңгерушісі, бөлім редакторы, жауапты хатшы болған. 1995-1996 жылдары «Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның жаршысы» журналында жауапты хатшы, бас редактор қызметін абыроймен атқарған.

1996 жылдың 1 наурызынан бастап осы күнге дейін «Егемен Қазақстан» газетінде қызмет істеген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version