Басты бетЖаңалықтарТанымал журналист...

Танымал журналист Әлисұлтан Құланбай дүниеден өтті

Әлисұлтан Құланбай 1954 жылы 21 қаңтарда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкендиқан ауылында дүниеге келген.

1961 жылы «Октябрь» орта мектебінің табалдырығын аттап, 1974 жылы оқуын тәмамдайды. 1972-1974 жылдары Кеңес әскерінің қатарында азаматтық борышын өтеген. Еңбек жолын Ұйғыр ауданындағы «Октябрь» колхозында колхозшы болып бастаған.

1978-1979 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің дайындық бөлімінің тыңдаушысы, 1979-1984 жылдары осы оқу орнының журналистика факультетінде білім алған. 1984-1991 жылдары республикалық «Еңбек таңы» журналында корректор, аға редактор боп қызмет атқарған.

1991-1995 жылдары «Ауыл» («Дала дидары») газетінде тілші, сектор меңгерушісі, бөлім редакторы, жауапты хатшы болған. 1995-1996 жылдары «Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның жаршысы» журналында жауапты хатшы, бас редактор қызметін абыроймен атқарған.

1996 жылдың 1 наурызынан бастап осы күнге дейін «Егемен Қазақстан» газетінде қызмет істеген.

ДереккөзЕgemen.kz