Жәмила Әбдіқадырова Президент архивінің директоры болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Әбдіқадырова Жәмила Юсупжанқызы Қазақстан Республикасы Президенті архивінің директоры болып тағайындалды. Өкім Ақорда сайтында жарияланды.

Архив ұжымына директорды ҚР Президенті кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков таныстырып, қызметте табыс пен жетістік тіледі.

Жәмила Әбдіқадырова Президент архивінде 15 жылдан астам уақыт еңбек етіп, маман қызметінен директордың орынбасары лауазымына дейін көтерілді.

Махмұд Қасымбеков Президент архивінің бұрынғы директоры Борис Жапаровқа адал қызметі мен қызметтік міндеттемесін абыройлы атқарғаны үшін алғыс айтып, ведомстволық награда — «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісін табыс етті.