Астана әкімдігінің стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Расул Оразғұлов 2018 жылы қаланы дамытуға қанша қаражат бөлінетінін мәлімдеді.
«Мониторингтің қорытындысы бойынша бюджетті бөлу, жеке бюджеттік бағдарламалар бойынша жыл сайынғы жоспарлы тағайындау да қайта қаралды», — деді Расул Оразғұлов.
Оның мәлімдеуінше, Астананың 2018 жылғы қаңтар-шілде айларындағы жеке кірісі 136,2 миллиард теңге болды.
«2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткеткіш 2,4%-ға артқан. Салықтан түскен кіріс 3,6%-ға көбейіп, 126 миллиард теңге болды. Осылайша Астананың 2018 жылдағы бюджеті 433 миллиард 226 миллион теңге (өзгерістерді ескергенде) болды», — деді Расул Оразғұлов.
Сонымен қатар ол қаланың өз кірісі 261 миллиард 230 миллион теңге, республика бюджетінен түскен трансферт 148 миллиард 248 миллион теңге, қарыз қаражаты 17 миллиард 996,8 миллион теңге және бюджет қаражатының бос қалдықтары 5 миллиард 750,6 миллион теңге болғанын айтты.
Басқарма бастығы осыған байланысты жеке кірістің жылдық болжамын 6 миллиард теңгеге арттыру туралы, оның ішінде салық есебінен түсетін кіріс 3 миллиард теңгеге, салық салынбайтын тауарларға 1,4 миллиард теңгеге және негізгі капиталды сатудан 1,6 миллиард теңгеге көбейту керек екенін айтты.
«2,7 миллиард теңге әлеуметтік салаға бөлінеді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру үшін жан басына қаржыландыру 23 мыңнан 27 мың 263 теңгеге дейін бөлінеді. Жалпы көлемі 432,3 миллилон теңге болды», — деп хабарлады әкімдіктің өкілі.
Расул Оразғұловтың айтуынша, білім басқармасына 1 миллиард 54,7 миллион теңге, соның ішінде 4-тен 11-сыныпқа дейін 39,7 миллион теңге, жаңадан енгізілген мектептерді (№ 85, 86, 87 және қазақ-түрік қыздар лицейі) қамтамасыз ету үшін 413,2 миллион теңге бөлінді.
«Жалпы білім беру үшін 504,8 миллион теңге, соның ішінде мұқтаждығы бар балаларға арналған № 83 орта мектепте 3,6 миллион теңге, 30 мектепті техникалық байқаудан өткізу үшін қосымша 60 миллион теңге қарастырылған. Сонымен қатар 300-ден астам балаға қызмет көрсететін №1 оңалту орталығының жаңа ғимаратының құрылысына 10 миллион теңге бөлінеді», — деп түсіндірді Расул Оразғұлов.