Басты бетЖаңалықтарЗаттыбек Көпбосынұлы...

Заттыбек Көпбосынұлы әріптестерін Баян-Өлгийдегі қандастарға қол ұшын беруге шақырды

Бұл игі істен өнер адамдары да шет қалмады. Белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлы өз инстаграмдағы парақшасына ауқымды жазба жазып, әріптестері мен оқырмандарын қандастарға қол ұшын беруге шақырды.

«Әр қазақ менің жалғызым» деген сөз елдің қамына бей-жай қарамайтын кез-келген азаматтың ұраны. Бұл сөзді тұғырына айналдырған жандар елімізде баршылық. Басы ауырып балтыры сыздаған әр қазаққа қол ұшын беретіндер менің айналамда көп, шүкір. Дос-бауырларымның көптеген игі ісінің куәсі де болып жүрмін. Бұрындары жау шапқанда атқа міне алатындардың барлығы егеулі найзасын қолға алып елді қорғау, қазақты сақтау міндетін атқарғанын тарихтан білеміз. Бабаларымыз жұмылған жұдырықтай болып, біріге, бірлесе істеген істерінің ешқайсысы да жеміссіз болмаған. Мұны айтып отырған себебім, бейбіт заманда да бірігіп, әр қазақты сақтау аманатын арқалайтын күн де туады екен. Сол сәт келген сияқты» – деп Заттыбек су тасқынынан зардап шеккен қандастарға ел болып қол ұшын беруіміз керек деді.

«Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары шамасы келгенше қол ұшын беріп, қандастардың алдындағы бауырлық міндетті атқарып жатыр екен. Биліктегілер де бұл жағдайға алаңдап, амандықтарын сұрауға бел байлапты. Тиісті деңгейде көмек те көрсетіледі деп жатыр. Менің де осы игі істерден құр қалғым келмейді. Су басқан ауылдағы қандастарға отбасымның атынан қаржы аударамын деп шештім. Бәлкім сол қаржының себебімен сондағы бір қазағымыздың отбасы киімін, бір қазағымыз азық-түлігін алса, енді бірі бұзылған көлігін ауыстырар. Мұны мақтану үшін емес, өз тыңдармандарыма ой салу үшін жазып отырмын! Бабаларымыз: «Бармақ бірікпей, ине ілікпейді» — демей ме?! Алла қиындыққа түскен қандастырымызға жеңілдігін берсін»- деп жазады әнші. Бұл ойы түрткі болып, тыңдармандары біз де қол ұшын береміз деп пікір жазып, қандастарға қарайласайық деп қолдай кетті. Тойдан 2-3 мың доллар тауып жүрген барлық әнші атсалысса, Моңғолиядағы қазақтардың жағдайы бір қалыпқа түсіп қалар еді.

ДереккөзОйшоғыр