Онда спортшының 2008 жылы Бейжің Олимпиялық ойындарында өнер көрсеткен кезінде алынған сынамадан тыйым салынған заттардың табылғаны айтылған.
Еске сала кетейік, Владимир Седов сонда 85 килоға дейінгі салмақта төртінші орынға қол жеткізген еді. «Тексерудің қорытындылары Владимир Седовтың «А» сынамасынан станозолол табылды. Келесі аптада «Б» сынамасы ашылатын болады», – делінген хабарламада.
Айта кету керек, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2006 жылы Седовты осындай тәртіп бұзушылығы салдарынан спорт жарыстарынан шеттетіп еді. Сол жолы ол 2008 жылдың 18 мамырына дейін жазасын өтеген болатын.
Бұған қосатынымыз, басылымның мәліметінше, ауыр атлет Мария Грабовецкаяның қанынан да тыйым салынған заттар табылды. Ол да 2008 жылғы Олимпиада кезінде алынған сынамадан шықты. Сол Ойындарда Мария қола медаль алған болатын.
Бұл кезге дейін қазақстандық олимпиялық чемпиондар Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова жарыстардан шеттетілген еді.Осының негізінде Қазақстан Олимпиадаға берілген 10 жолдаманың 2-ін қайтаруға мәжбүр болды.
Ал Владимир Седов жақында Талдықорғанда өткен республика чемпионатында арандатушылық тұрғыда үлкен шу шығарып, жұрт назарына ілікті. 94 килоға дейінгі салмақта сынға түсуге тиісті ол тұғырғы шығып тұрып, зілтемірді көтермей кетіп қалды. Жәй кеткен жоқ, «Міне, саған нағыз олимпиялық чемпион» деп, сыртында ресейлік атлет Александр Ивановтың суреті бар жейдені залға қарай лақтырып кетті. Ал Иванов Лондонда Ильинге ұтылып, екінші орын алған болатын.
Осы допинг бар немесе жоқ екенін алдын ала тексеруге болмаспа еді? Менімше көре алмаушылық сияқты
Мына халықаралық агенттіктің естері дұрыс емес шығар, немесе жұмыстарында бір шикілік бар, кезінде өздері тексеріп жіберіп, енді келіп не деп шанып отыр. Олимпиядалық ойындар спортшы өміріндегі ең бір маңызды белес және оның жауапкершілігі де үлкен. Ендеше неге сол жауапкершілікті халықаралық деңгейдегі агенттік сезінбей отыр?
Дұрыс айтасыз, ең бір жауапты органның осылай істейтінін кім білген. Бірақ допинг дауы деген сұмдық нәрсе екен ғой, бұл жерді де жемқорлық жаулап кеткен ба?!
Бұл тек қана Қазақстандық спортшыларға байланысты ма екен, әлде басқа елдер де бар ма?
Ресей спортшылары да бар ғой, дегенмен көбі Қазақстанның ауыр атлеттерінің сынамаларын оң нәтиже берді дейді.
Тағы да біздің жігіттердің аяғынан шалу басталды.
Біздің спортшыларымыз алтын алып кететіндерін біліп, Олимпиадаға жібермеудің амалы ғой.
Мұның бәрін әдейі қолдан жасап жатқан сияқты. Біздің спортшылармыздың мықты екендерін біледі. Бірақ сендер мойымандар. Әлі барлығы алда. Қазақ елінің көк туын желбіретіп, еліміздің даңқын асыратындарына сенемін.
Ауыр атлетті Олимпиада ойындарынан алып тастағысы келеді, себебі ауыр атлетика бойынша біздің елдегідей мықтылар жоқ, рейтинг үшін қолдан ұйымдастырылған іс екені көрініп тұр
Соңғы кездері көп нәрсені түсінбей қалдық қой өзі.
Седов утверждает, что он чист. Я лично ему верю. Скорее всего его подставили