ІІМ Атырау облыстық ІІД басшысының казинодағы видеосы жөнінде түсінік берді

Қазнетте Атырау облыстық ІІД басшысы Аян Дүйсембаевтың казинода жүргені түсірілген видео талқыланып жатыр.

Жоғары лауазымды полицей түсірілген видеожазбаны ҚР ІІМ өкілдері тексерді. Аян Дүйсембаевтың өзінің айтуынша, бұл оқиға 2014 жылдың қазанында болған.

«Сол кезде Атырау облыстық ІІД басшысының бірінші орынбасары қызметін аттқарған Дүйсембаев досымен бірге Минскіде болған. Оның досы ойын мекемесіне өзінің танысын ертіп келген. Ал досының әйелі күйеуінің бұл әрекетіне қарсы болып, оны тоқтату үшін Дүйсембаевтан казиноға келуді өтінген. Дүйсембаевтың өзі ойнамаған. Оған 2014 жылдың қазан айында жүргізілген тексеріс дәлел бола алады», — деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.

ДереккөзTengrinews.kz