Басты бет Жаңалықтар Атырауда 91 метрлік тутұғырдың кұрылысы басталды

Атырауда 91 метрлік тутұғырдың кұрылысы басталды

Флагштоктың қос қапталында каскад болады.

Фото: Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Флагшток жобасын Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев биылғы ақпан айында халыққа есеп беру кездесуінде таныстырған болатын.
Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, тутұғыр Жангелдин және Құлманов көшелерінің қиылысындағы ауданы 112 шаршы метр болатын жаңа алаңға орналастырылады. Тутұғыр кешенінің аумағы — 57 шаршы метр, биіктігі — 91 метр.
Нысанның екі жағына екі фонтан салынады. Олар бес деңгейден тұратын каскад түрінде жасалады.
Тутұғыр облыс орталығының барлық жағынан көрінетін ең биік құрылыс болатыны сөзсіз.
Құрылыс жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдары есебінен қаржыландырылған. Нысан орналасатын жер телімі мемлекет меншігінде.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version