Қырғызстандағы қазақ диаспорасының жетекшісі ауысты

Гүлшат Асылбаева — Жогорку Кеңештегі “Өнүгүү-Прогресс” фракциясының депутаты. Парламенттің ақпарат қызметінің хабарлауынша, Қырғызстан қазақтары қауымдастығы оны төрағалыққа 19 тамыз күнгі кезектен тыс съезде сайлаған.

Қырғызстандағы қазақ диаспорасы Қырғыз халық ассамблеясының қарамағында жұмыс істейді. Бұған дейін диаспораны танымал саясаткер Еркін Бөлекбаев басқарған. Диаспора жетекшісінің не себепті ауысқаны әзірге белгісіз.

ДереккөзBaq.kz