Алғашқы минуттан бастап Франция құрамасы белсенді болды, португалдар қорғануға көшті.
8 минутта Криштиану Роналду Франция құрамасының ойыншысы Димитри Пайетпен соқтығысып қалды. Француз құрамасының ойыншысы португалдықты тізесінен соғып өткен. Бастапқыда Роналду жарақаты жеңіл секілді көрінген, ауырсынғанына қарамастан сылти басып ойнап жүрді. Алайда 25 минутта португалдық алаңға жата кетті, оны зембілге салып трибуна астындағы ғимаратқа алып кетті.
10-шы минутта «көк формадағы» форвард Антуан Гризманн қақпаның үстіне допты баспен соғып бағыттады, Португалия құрамасының қақпашысы Руй Патрисиу допты қағып алды.
Бұдан кейін Оливье Жиру бұрыштан португалдық голкиперге доп бағыттады. Одан кейін француздардың жартылай қорғаушысы Мусса Сиссоко бірнеше мәрте қақпаға доп салатындай әрекет жасады.
Бірінші тайм ортасында француздардың өршеленген шабуылын қарсыластары тойтара білді. Бәрібір соңында көрермендер қақпаға кірген допты көре алмады.
Екінші қырықминуттықта алаңда жағдай өзгермеді. Дидье Дешама ізбасарлары қарсыластарына қысым көрсетіп, алаңда басым жүрді.
Антуан Гризманн тағы да көзге түсті. 59-шы минутта француздардың үздік шабуылшысы бұрышқа таяу доп жберіп, айып алаңында оны қуып жеті. Алайда португалдар голкипері Руй Патрисиу өзіне сенімді болатын.
Біршама уақыттан соң Гризман былғары допты Кингсли Команадан алып қақпаға тепті, алайда ол қақпаның үстінен ұшып өтті.
76-шы минутта Оливье Жиру қарсыластарының айып алаңында жақсы жерге орналасты, сол жерден «Арсенал» форварды алыс бұрыштан әрі қатты әрі дәл доп жіберді. Португал голкипері сол мезетте үлгеріп қақпасын қорғап қалды.
80-шы минутта Нани мен Куарежма бастаған португалдар сирек қарсы шабуыл жасады. Нани қақпа үстін көздеген, француз голкипері Уго Льорис допты Куарежма аяғынан қағып алды.
Үш минуттан соң Сиссоко алыс бұрыштама соқты. Руй Патрисиу оқтай ұшқан допты секіріп қағып түсті.
93-шы минутта Патрис Эвра Андре-Пьер Жиньяка добын алып кенет бұрылып, таяу бұрыштама бағыттады. Бірақ доп қақпа шетіне соғылды.
Осылайша командалар алаңда жарты тағы жарты сағаттай уақыт жүруіне тура келеді, өйткені негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады.
Финалдық матчтың 110-шы минутында 28 жастағы португалдық шабуылшы Эдер командасын алға шығарды, есеп — 1:0. Кезекті шабуылдың бірінде форвард айып алаңында өзі жалғыз қалып қойды. Сол жерден ол таяу бұрыштан дәл әрі жылдам гол соқты. Француздардың голкипері Льорис допты қағып алып үлгермеді.
Гол соғылғаннан кейін Франция құрамасы жанкүйерлері алдында абыройын қалпына келтіру үшін бірнеше қауіпті шабуылдар жасады, алайды португалдар шыдас берді.
Португалия — Еуропа чемпионы.