Блог-турды Visit Almaty туристік орталығы мен Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздегі ішкі туризмді дамыту. Өңірлік коммуникациялар қызметі бүгінде танымал блогерлермен бірлесе жұмыс істеуді мақсат етеді. Жуырда ұйымдастырылған блог-тур барысында еліміздің әр өңірінен және Қызғызстан мен Ресейден келген 30 блогер Алматыны жаңаша қырынан таныды.

13 тамыз күнгі бағдарлама бойынша бір топ блогер турды Visit Almaty орталығына барудан бастады.

Visit Almaty орталығы
Visit Almaty орталығы. Фото: Мақсат Шағырбаев

Visit Almaty – Алматыдағы туристерге арналған орталық. Қалаға саяхат жасағысы келетін кез келген адам осы орталыққа келіп, тегін консультация алып, сонымен қатар карта, көрнекі жерлер көрсетілген буклеттер, әдемі естелік сувенирлерге қол жеткізе алады.

Екінші аялдама – Алматы музейі. Алматы музейі 2016 жылы сәулетші Павел Гурдэның 1892 жылы тұрғызған Верный балалар үйі ғимаратында ашылған. Экспозицияда 40 мыңнан астам экспонат бар. Блогерлер бұл музейден Алматының ежелгі тарихынан бастап, бүгінгі бейнесіне дейінгі көрмені тамашалап қайтты.

Алматы музейі
Алматы музейі. Фото: Мақсат Шағырбаев

Әрі қарай 30 блогер Open Almaty қоғамдық қабылдау мекемесімен, Smart.Point коворкинг орталығымен танысты.

Open Almaty қоғамдық қабылдау мекемесіне халық кез келген мәселемен келе алады және мекеме қызметкерлері барлық сауал бойынша көмектесуге әзір. Орталық басшысы Жанна Асанованың айтуынша, мұнда күн сайын қала тұрғындарына 300 маман қызмет көрсетеді.

Smart.Point коворкинг орталығы
Smart.Point коворкинг орталығы. Фото: Мақсат Шағырбаев

Smart.Point коворкинг орталығынан соң блогерлер маршрутты сәл өзгертіп, «Атакент» көрме орталығы алдындағы Тиін мүсіні маңына аялдауды ұйғарды.

Тиін мүсіні
Тиін мүсіні. Фото: Мақсат Шағырбаев

Ресейдің Самарасынан келген блогер-саяхатшы Артем Живогляд Алматы тұрғындары туралы әсерін айтты:

«Бұл — менің Алматыға 4-рет келуім. Блог-турдың арнайы бағдарламасының арқасында қаланы жақсырақ тануыма мүкіндік беріліп отыр. Алматы өте тез дамып келеді. Оны тұрғындарға электрондық үкімет порталын қолдана алуға мүмкіндік берілуінен байқадым. Алматыда күнделікті туындайтын құжат рәсімдеу, медициналық көмек алу сияқты істерді электрондық түрде немесе арнайы қызметкерлердің жылдам қызмет көрсетуі арқылы қол жеткізуге болады. Офис қызметкерлеріне арналған Smart.Point коворкинг орталығы, кез келген тұрғын өз шағымымен келе алатын Open Almaty мекемесі — Алматының тұрғындарына берілген үлкен мүмкіндік. Тур барысында біз қала өмірімен сырттай емес, нағыз тұрғындар сияқты іштей танысуға да мүмкіндік алып отырмыз. Бұл блог-турдың ерекшелігі осында».

Келесі аялдама — «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық кешені. Ашық аспан астындағы археологиялық саябақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көріктендірілген.

Сақ қорғанының үлгісі
Сақ қорғанының үлгісі. Фото: Мақсат Шағырбаев

Tokyo Rope Almaty зауыты — Алатау ауданында орналасқан габионды тор өндіруші кәсіпорын. Оның құрылтайшысы — жапонның жоғары технологиялы металл өнімін шығаратын Tokyo Seiko ірі корпорациясы. Компания Қазақстанда 2016 жылы іске қосылды. Зауыт 490 гектар болатын индустриялық аймақтың жартысынан астамын алып жатыр.

Tokyo Rope Almaty зауыты
Tokyo Rope Almaty зауыты. Фото: Мақсат Шағырбаев

Суреттегідей темір тор өзен бойына, су астына төселіп, сел кезінде тау жыныстары мен шөгінділерді ұстап тұру үшін қолданылады. Бүгінде компания өз тауарларын Қазақстанға, Ресейге, Грузияға және Тәжікстанға экспорттайды.

Tokyo Rope Almaty зауыты
Tokyo Rope Almaty зауыты. Фото: Мақсат Шағырбаев

Блогерлер өздерін нағыз алматылық сезінуі үшін әйгілі музыкант Виктор Цойдың ескерткішіне метромен жетіп, Алматының Цой тұрған ауданымен танысты. Блог-турдың бірінші күнгі бағдарламасы «Кино» кафесінде қорытындыланды.

Виктор Цой ескерткіші
Виктор Цой ескерткіші. Фото: Мақсат Шағырбаев

Қырғызстаннан келген блогер, тележүргізуші Чолпон Уламбекова турдың бірінші күні алған әсерін айтты:

«Мен Алматыға бірнеше рет келгенмін. Алайда дәл осылай аралап, оның көркем жерлерімен танысуға мүмкіндік бола бермейтін. Қазақстан — мен үшін өнер жағынан да, жеке экономикалық даму жағынан да алда келе жатқан мемлекет. Оның ішінде Алматы мені үнемі өзінің шығармашылық ортасымен баурайды. режиссерлар Қанат Бейсекеев, Тимур Бекмамбетовтер, музыкант Ғалымжан Молданазар мені таңғалдырумен келеді. Ал бүгін мен Алматының музейлері мен көшелерін аралап жүріп, қаланың әдемілігінен бөлек, оның шығармашылыққа толы жанын сезіне алдым. Сонымен қатар мені қаланың тыныс-тіршілігінің мобильді қосымшалармен байланысты болғаны қуантады. қаланың кез келген көшесі мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жасалған. Бұл жағдай қаланың қаншалықты дамып келе жатқанының көрінісі болса керек».

Блог-турдың екінші күнінің бағдарламасы 28 гвардияшы-панфиловшы саябағынан басталды. Верный заманынан келе жатқан саябақта Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне соқпай кету мүмкін емес. Әлеуметтік желінің белсенді қолданушылары түрлі халықтың көне аспаптарымен танысты.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі. Фото: Мақсат Шағырбаев

Осы жылдың сәуір айында оңтүстік астанада Жамбыл атындағы жасөспірімдерге арналған кітапхана ашылды. Блогерлер қазіргі заманға сай жабдықталған кітапхананы өз көзімен көрмей кете алмады.

Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы
Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы. Фото: Мақсат Шағырбаев

Бұдан соң блогерлерді Ахмет Байтұрсыновтың музей-үйінде ахметтанушы Райхан Имаханбет  күтіп отырды. Өңірлерден келген қонақтарды қарсы алып, ағартушының өмірі мен қайраткерлік жолы туралы әңгімелеп берді. Бір өкініштісі, Ахмет Байтұрсынов тұрған үй тарихи ескерткіш ретінде әлі күнге дейін мемлекет меншігіне алынбай келеді.

Ахмет Байтұрсынов музей-үйі
Ахмет Байтұрсынов музей-үйі. Фото: Блог-тур ұйымдастырушылары

Алматыдағы Құқық қорғау қызметтері орталығы да блогерлерді жылы қарсы алды. Мұнда халыққа қандай көмек көрсетілетіні туралы орталық меңгерушісі айтып берді.

Алматы құқық қорғау қызметі орталығы
Алматы құқық қорғау қызметтері орталығы. Фото: Мақсат Шағырбаев

Турдың екінші күнін блогерлер «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына көтеріліп, Медеудегі дәмханадан ас ішіп, қорытындылады.

"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты
«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты. Фото: Мақсат Шағырбаев

Турдың үшінші күні блогерлер табиғат аясында демалды. Әлеуметтік желі белсенділері әуелі Іле Алатауы ұлттық саябағындағы Есік көліне, одан соң Түргендегі Аюлы сарқырамасына барып, Алматының алып тауларының көрінісін тамашалады.

Есік көлі
Есік көлі. Фото: Мақсат Шағырбаев
Аюлы сарқырамасы
Аюлы сарқырамасы. Фото: Мақсат Шағырбаев

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!