Басты бет Жаңалықтар Алдағы мерекелерге орай қанша күн демаламыз?

Алдағы мерекелерге орай қанша күн демаламыз?

Қазақстандықтар Құрбан айтта бір күн демалады.

©gorlovka.today

Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде бір күн демалады. Биыл Құрбан айттың бірінші күні сейсенбі — 21 тамызға тура келеді. Заңнамаға сәйкес, діни мерекенің бірінші күні демалыс болып есептеледі.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай күнтізбеде демалыс деп белгіленген 30 тамыз биыл бейсенбіге сәйкес келеді. Сол себепті сенбі 25 тамыз жұмыс күні деп жарияланып, ондағы демалыс 31 тамыз, жұмаға ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 30-31 тамыз (бейсенбі, жұма) және 1-2 қыркүйек (сенбі-жексенбі) күндері қатарынан 4 күн демалатын болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version