Басты бетЖаңалықтарЭкс-министр Қуандық...

Экс-министр Қуандық Бишімбаев басқа колонияға ауыстырылды

Енді сотталушы жазасын Шымкенттен 35 шақырым жердегі Леңгір қаласындағы колонияда өтейді.  Қуандық Бишімбаевті Шымкентке жеткен соң колонияға дейін арнайы жабдықталған көлікпен жеткізген.

«Бұл максимал қауіпсіздік мекемесі, яғни, қатаң тәртіптегі режим, шамамен 500 адам болады. Ғимарат 1976 жылы пайдалануға берілген болатын», — деп мәлімдеді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің қызметкері Ғалымжан Хасенов.

Биыл 14 наурызда Қуандық Бишімбаев 10 жылға сотталған болатын. «10 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметтерде басшы лауазымдарында жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Жазасын максималды қауіпсіз мекемеде өтесін, сондай-ақ, мүлкі тәркіленсін», — деп оқыған еді үкімді судья Әділхан Шайхисламов.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 30 желтоқсанында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын. «Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан», — деп хабарлаған болатын Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері.

ДереккөзTengrinews.kz