«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі мезгілдерде тұман түседі. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с-қа жететін жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысында да жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі. Алматы облысында жел 17-22 м/с-қа күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Қарағанды облысында кей жерлерде күндіз жел тұрып, түнде және таңертең тұман түседі. Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында күн қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшейеді.
Айта кетейік, 17 тамыз күні Астанада және Ақмола, Қостанай облыстарында жел соғып, найзағай ойнайтыны, бұршақ жауатыны және Түркістан облысында жел күшейетіні туралы ескерту жарияланған.