Алматыда құрбандық шалынатын 22 орын белгіленді

Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында биылғы Құрбан айт мерекесіне орай Алматыда мал союға болатын жерлердің тізімі жарияланды.

Алматыда мерекеге орай құрбандық шалуға 22 орын белгіленген.

Олар:

1) «Бекет ата» мешіті («Шаңырақ-1» ы/а, Өтемісұлы к-сі, 109 үй);

2) «Алғабас» мешіті («Алғабас» ы/а, Лермонтов к-сі, 2 үй);

3) «Әскер ата» мешіті («Әйгерім-1» ы/а, Ленин к-сі, 18/4 үй);

4) «Мырзахмет» мешіті («Қарасу» ы/а, Солтүстік айналым к-сі, 15 үй);

5) «Таугүл-3» мешіті («Таугүл-3» ы/а, Центральная к-сі, 9 үй);

6) «Сауран Ислам мәдени орталығы» қайырымдылық мекемесі (№2 ы/а, 20А үй);

7) «Таугүл» қайрымдылық мекемесі («Таугүл-3» ы/а, Центральная к-сі, 1Б үй);

8) «Орбита» мешіті («Орбита-3» ы/а, Мұстафин к-сі, 5 Е үй);

9) «Бақыткелді» мешіті (Хан Тәңірі ы/а, Дулати к-сі, 27 үй)

10) «әл-Мәдина» мешіті (Федоров к-сі, 12 үй);

11) «Вайнах» мешіті (Әйтиев көшесі, 5 үй);

12) Is-commerse ЖШС мал сою орны (Полежаев к-сі, 93А үй);

13) Алматы қаласының Орталық мешіті (Пушкин к-сі, 16 үй);

14) «Аманқұл ата» мешіті (Әзербаев к-сі, 1 үй);

15) «Омар ибн Хаттаб» («Таулы қырат» ы/а, Жуков к-сі, 138 үй);

16) «Фатима» мешіті (Добролюбов к-сі , 138 үй);

17) «Райымбек батыр» мешіті («Думан-1» ы/а, Хан Тәңірі к-сі, 1 үй);

18) «Қалқаман» мешіті («Қалқаман-2» ы/а, Аспандияров к-сі, 84 үй);

19) «Нұр» мешіті (Ақжар ауылы, Дәулеткерей к-сі, 86 а үй.);

20) «Тау самалы» базары («Таусамалы» ы/а, Қонаев к-сі, 2 үй);

21) «ДИ» кешені жанындағы алаң (Жандосов к-сі, 2 үй);

22) «Қайрат» мешіті («Қайрат» ы/а, Тәттімбет, к-сі 1/1 үй).

Белгіленген орындардан тыс жерлерде құрбандық шалынған жағдайда жауапты жеке және заңды тұлғалар ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне» сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Құрбан айт мейрамы биыл 21 тамызда басталады.