Алматыда оқушылар қарбыздан ұшынып қалды

Алматыда оқушылар қарбыздан уланып қалды. Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің жетекшісі Айзат Молдағасымова хабарлады.

«Улану» диагнозымен 7 және 10 жастағы екі бала ауруханаға түсті, олар қарбыздан ұшынған», — деді ол.

Молдағасымованың мәліметінше, 10 тамыз күні Алматыдағы базарлар мен дүкендерде сатылып жатқан қауын-қарбыз өнімдері тексерілген. Құрамында нитраты көп көкөністің анықталған жағдайлары болды.

«Қазір — бау-бақша өнімдері: қарбыз-қауын сатылып жатқан маусым. Осы кезде сүт коктейльдері мен балмұздақ та көп сатылады. Біз шағын рейд жүргіздік. Рейд қорытындысы бойынша тексерілген қарбыздың 19%-ынан және қауынның 18,7%-ынан нитраттың көптігі анықталды. Құйылып сатылатын балмұздақ пен квастың бәрі — 100%-ы ластанған болып шықты», — деді департамент басшысы.

Қарбыздан алынған 21 сынаманың төртеуінен, қауыннан алынған 16 сынаманың үшеуінен нитраттың көптігі анықталған. Құйылып сатылатын балмұздақтың екі сынамасының екеуінен де, квас пен сүт коктейлінен бір-бірден алынған сынаманың барлығы да микробиологиялық көрсеткіштерге сай келмеген.

«Балаларға қауын, қарбыз сатып алғанда қай жерден сатып алып отырғаныңызға, қай жақтан келгеніне, саудагерге назар аударыңыз, коктейль құюға арналған бір рет пайдаланылатын ыдыс болуы керек, сертификат талап етіңіз. Сатушыларда қандай да бір құжат болуға міндетті», — дейді Айзат Молдағасымова.

Айта кетейік, бұған дейін Baribar.kz қарбыз бен қауын сатып аларда санитарлық-гигиеналық қадағалау саласы мамандарының кеңесін ескерген абзал екенін жазған еді.

ДереккөзTengrinews.kz