Деректер банкі ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетінің сайтында жарияланбақ. Онда балалардың жынысы, жасы, денсаулық жағдайы, мінезінің ерекшеліктері, ата-ана қамқорлығының болмау себептері, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), кәмелетке толған туыстарының бар-жоғы, сондай-ақ, отбасыларға тәрбиелеуге орналастырудың ықтимал нысандары туралы ақпарат және балалардың фотосуреттері бар. Ал, бала асырап алғысы келген ата-ана осы тізімнен таңдау жасаған соң, құзырлы орган оның өтінімін мақұлдаса, бала туралы толыққанды ақпарат оның жеке өзіне ғана жолданатын болады.
«Бұл балаларды отбасыларға беру үрдісін белсендендіріп, жетім балалар туралы туынды ақпаратты елдің барлық адамдарына айқындығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі» делінген БҒМ таратқан хабарламада.