Басты бетЖаңалықтарАстанада білім...

Астанада білім беру мекемелерінің 45 басшысы тәртіптік жазаға тартылды

Елорданың білім басқармасы қала мектептері мен балабақшаларының санитарлық нормаларды сақтамауына қатысты шағымдарды тексерді. Бұл туралы бүгін Астана қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин айтты.

«Елорданың білім басқармасы «қала мектептері мен балабақшалары санитарлық нормаларды сақтамайды» делінген шағымдарды тексерді. Нәтижесінде мекемелердің 45 басшысы түрлі тәртіптік жазаға тартылып, 9-ы қызметінен босатылды», — деді Әнуар Жанғозин.

Оның айтуынша, басқармаға келіп түскен әрбір шағым бойынша комиссия құрылып, сол фактілерді тексеріледі және ата-аналардан сауалнама алады.

«Толықтай алғанда, өткен оқу жылының ішінде 70-тен астам комиссия отырысы өтіп, оған мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері қатысты. Біз барынша жан-жақты болуға тырысамыз. Комиссия теңгерімді шешім шығару үшін материалдарды тыңғылықты қарайды. Көп жағдайда шаралар көрсетілетін қызмет сапасын арттыру үшін қолданылады», — деді басқарма басшысы.