Көлік жүргізушілері сақтандыру полисінің қағаз нұсқасынан бас тартады

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру ұйымдарының клиенттері келісімшарттарды интернет-ресурстар арқылы бекітіп, сақтандыру полистерін электрондық формамен рәсімдей алады. Электрондық формамен міндетті және ерікті сақтандырудың барлық түрі бойынша келісімшарт жасауға болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онлайн сақтандырудың енгізілуімен бірге міндетті сақтандыру келісімдері бойынша қағаз полис қолданыстан шығады. Сақтандыру келісімін жасау деректері сақтандыру жөніндегі мәліметтердің бірыңғай базасына сұраным жіберу арқылы тексеріледі. Автокөлік иелеріне әкімшілік полиция қызметкерлеріне сақтандыру полисін көрсету қажет болмайды.

Онлайн сақтандырудың енгізілуі халық пен бизнес үшін сақтандыру құнының төмендеуіне, сақтандыру бойынша қағазбастылықты, артық жұмысты және басқа да шығындарды азайтады және сақтандыру төлемдерін беруді жеделдетеді.

Сақтандыру компаниялары көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігіне қатысты міндетті сақтандыру келісімшарттарын жасау кезінде 10%-ға дейін жеңілдік бере алады.

ДереккөзZakon.kz