Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында Jetisu style фестивалі өтеді

16 тамызда Қаратал өзенінің жағалауында Jetisu style облыстық жастар фестивалі өтеді.

Шараның мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру. Фестивальге облыстың аудандары мен қалаларынан 200-ге жуық жас талант қатысады.

«Концерттік бағдарламада әншілер, бишілер, ақындар және 100 күйші өнер көрсетеді. Фестиваль аясында 25-ке жуық алаң ұйымдастырылып отыр. Оның ішінде кішкентай бүлдіршіндерге арнайы 10 аниматор және 4 косплей шақырылды. Жастар фестивалінің аясында «Золотой цирк Сибири» ұжымы да өнер көрсетеді. Цирк бағдарламасында маймыл, тотықұстар, күзендер, әуе акробаттары тағы да басқа қызықты көріністер болады. Кештің жұлдызды қонақтары Raim & Artur дуэті», — деді Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ерлан Жақыпов.

Фестивальде тоқыма тоқу бойынша Қазақстан рекордтар кітабына енген Нұрлан Жартыбеков өз рекордын халықаралық деңгейде жаңартпақ ниетте. Ол 72 сағат бойы, яғни үш тәулік үздіксіз тоқыма тоқиды. Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы Нұрлан Жартыбековтің үш күндік жұмысына қажет барлық жабдықпен қамтамасыз еткен. Рекорд нәтижесі 16 тамыз күні Jetisu style облыстық жастар фестивалінде жария болады.

«Менің тоқыма өнерімен айналысқаныма 20 жылға жуық уақыт өтті. «Тоқыма – әйелдің ісі» деп күлкі еткендер де аз болмады, алайда бойыма әжемнен тараған бұл өнерді мен шын жан-тәніммен сүйемін. Қазіргі уақытта өз өнерімді жастарға насихаттап, үйретіп жүрмін», — дейді ол .