Басты бет Жаңалықтар Түркияға жол ашылған соң «Мәскеу-Анталия» әуе рейсінің билеті 75 пайызға қымбаттаған

Түркияға жол ашылған соң «Мәскеу-Анталия» әуе рейсінің билеті 75 пайызға қымбаттаған

Мәскеуден Анталияға ұшатын әуе рейсінің билет құны осы бағыттың ашылуынан бері 75 пайызға қымбаттаған, деп хабарлады Ресей туроператорлар қауымдастығы.

Көрнекі сурет

Ресей туроператорлар қауымдастығының сұрауымен дайындалған Aviakassa онлайн-агенттігінің есебі бойынша, Мәскеу-Анталия бағытының тасымалдау пакеті тұрақты рейске енген сәттен бүгінге дейін билеттің орташа құны 75,6% қымбаттаған.

Pegasus Airlines компаниясында билет құны 30,7% қымбаттаған. Олар маусым айының соңында Анталияға билетті бір бағытқа 7,5 мың рубльге сатқан. 1 тамыз күні ұшатын билетті 9,8 мың рубльге алуға болады. «Әзірбайжан Эйрлайнз» билеттері 264% қымбаттаған. 1 тамызға билетті 13,5 мың рубльге сатуда, деп хабарлайды АТОР.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин ресейліктер үшін Түркияға туристік пакет сатуға салынған тыйымды алып тастады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version