Басты бет Жаңалықтар Алматыда әр демалыс сайын мешіт жамағаты арасында футболдан жарыс өтеді

Алматыда әр демалыс сайын мешіт жамағаты арасында футболдан жарыс өтеді

Алматыда "Асыл мұра" бағдарламасы аясында мешіт келушілерінің арасында өтетін спорттық шараның жаңа маусымы басталды. 

Фото Дін істері басқармасынан

Шараны Алматы дін істері жөніндегі басқармасы осымен екінші жыл қатарынан өткізіп отыр. Басқарма басшысы Айдар Есенбековтың айтуынша, «Асыл мұра» жобасы -қаладағы мешіттердe салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бірегей бағдарлама. Бүгінгі таңда қалада 49 мешіт бар. Басқарма басшылығы олармен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында жұмыс істеп келеді.

«Өтіп жатқан мәдени-спорттық шара мешіт келушілеріне салауатты өмір салтын насихаттауға және мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіруге мүмкіндік береді», — деді Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбеков.

Спорт мерекесінің мақсаты — қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін, патриотизмді, гуманизм идеяларын, төзімділік пен келісімді насихаттау. Мысалы, өткен жылы турнирдің бірінде 2000-ға жуық шеруші қатысты. Мешіт қызметкерлері арасында қазақша күрестен, асық атудан, бақанға шығудан, ләңгі тебуден, ұлттық спорттың тағы басқа түрлерінен жарыстар өтті.

Айта кетейік, биылғы турнирде де діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, мешіт жамағатының және өзге де сенім иелерінің, әсіресе, жастардың арасында түсіндіру жұмысы алға қойылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version