Теңгенің алғашқы топтамасын Лондоннан елге жеткізу үшін қанша әуе сапары жасалды?
Теңгенің бірінші топтамасы Harrison & Sons фабрикасында, Лондонда басылып шығарылды. Оны елге жеткізу үшін тасымалдаушылар 18 әуе сапарын жасаған.
Қазақстанда алғашқы нағыз девальвация қай жылы болды?
Ірі теңге девальвациясы 1999 жылы болды.
Тиынның дизайнын кім жасады?
Тиынның дизайнын жасау Айрат Исмамбетов пен Виктор Ивженкоға тапсырылды.
Теңге қанша деңгейлі қорғаныс қабатынан тұрады?
Бүгінде қазақстандық банкноттар 15 деңгейлі қорғаныс қабатына ие, қолдан жасау мүмкіндігі барынша шектелген қаржылық айналым құралы болып саналады.
Теңгенің алғашқы шығарылымы елдегі банктерге қанша уақытта таратылды?
Лондоннан жеткізілгеннен кейін теңге 8 күннің ішінде еліміздегі барлық банкке түгел таратылды.
Қазақстандағы тұңғыш банкнот фабрикасы қашан ашылды?
1995 жылдың мамыр айында тұңғыш банкнот фабрикасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашты.
1993 жылы теңге алғаш айналымға енгенде доллар бағамы қандай болды?
1993 жылы 15 қарашада 1 доллар 4,7 теңгеге тең болатын.
Ұлттық валютаның дизайны түбегейлі өзгерген жыл?
2006 жылы Ұлттық валюта кескіні түбегейлі өзгертілді. Онда бұрынғы үлгіде болған даңқты тұлғалардың бейнелері алынып тасталды.
Теңге Еуропа бойынша ең құнсыз валюта боп танылған уақыт?
2015 жылдың соңына қарай теңге Еуропаның ең құнсыз валютасы деп танылды.
Ұлттық валюта күні
1993 жылы 15 қарашада теңге ресми түрде ақша айналымына енді. Бұл күн ҚР Ұлттық валюта күні болып бекітілді.
Әлеуметтік желіде бөлісу: