Басты бет Жаңалықтар Бір топ блогер Алматыны аралап жүр

Бір топ блогер Алматыны аралап жүр

Блог-турдың мақсаты - әлеуметтік желінің танымал қолданушыларына Алматының әсем орындарын көрсету.

Фото: Блог-тур ұйымдастырушылары

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі мен Visit Almaty туристік орталығы блогерлерге арналған тур ұйымдастырды.

Турға еліміздің әр өңірінен, Ресей мен Қырғызстаннан барлығы 30 блогер қатысып жатыр.

Турдың 1-күні олар Visit Almaty орталығына, Алматы музейіне, Open Almaty қоғамдық қабылдау мекемесі мен Smart. Point коворкинг орталығына, «Атакент» көрме орталығы алдындағы Тиін мүсініне, Сақ қорғандарына және Tokyo Rope Almaty зауытына саяхат жасады.

Бұдан соң блогерлер өздерін нағыз алматылық сезіну үшін «Арбатқа» метромен жетті. Кейін Виктор Цой ескерткішіне жаяу жетіп, музыканттың өмірімен және шығармашылығымен танысты.

Алматымен танысушы топ блог-турдың алғашқы күнін «Кино» кафесінен кешкі ас ішіп, қорытындылады.

Блог-тур үш күнге созылады. Baribar.kz алдағы күндері блогерлердің бұл сапардан алған әсері туралы толығырақ баяндайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version