Басты бетЖаңалықтарЭлектрондық-цифрлық қолтаңба...

Электрондық-цифрлық қолтаңба кілттері үш жылға жарамды

Жеке куәлік, eToken PRO 72K, JaCarta, Kaztoken, Akey сияқты қорғалған тасымалдылаушыларда ақпарат 3 жылға дейін сақталады. Ал файлдық жүйеге шығарылған ЭЦҚ кілттерінің жарамдылығы 1 жылға тең. Себебі файлдық жүйе сертификатталмаған. Сондықтан бұл жүйеде жабық кілттерді ұзақ уақыт қауіпсіз сақтау қиын.

Бұрын мемлекеттік қызметтерді пайдалану үшін egov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ бөлімшелеріне барып жыл сайын кілттердің мерзімін ұзартып отыру керек болатын. Енді ЭЦҚ-ны қайта шығару үш жылда бір рет орындалады.

ЭЦҚ кілттерінің мерзімінің аяқталуына 30, 15, 7 күн қалғанда пайдаланушының электрондық поштасына ЭЦҚ кілттерін қайта шығару керек екендігі туралы хабарландыру келеді. Ол үшін ЭЦҚ кілтін алу барысында өтінімде поштаны көрсетсе болды.

Оқи отырыңыз: Электрондық-цифрлық қолтаңбаның көмегімен қандай қызметтер алуға болады?