Car City базарынан іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Алматы полициясы Car City сауда орнында тексеріс жүргізіп, құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген бес қылмыскерді ұстады. Бұл туралы Алматы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Кезекті тексеріске полицияның барлығы 600 қызметкері жұмылдырылды. Бес топ сауда орындарынан басқа техникалық қызмет көрсететін 20 станция мен 45 автокөлікті де тексерді.

«ИНСПЕКТОРЛАР БӨТЕН БІРЕУДІҢ МҮЛКІН ҰРЛАУ ІСІН Ізін суытпастан ашты. Қылмыс істеді деген күдікпен бірнеше рет сотталған 1994 жылғы К. есімді азамат тұтқындалды. Оған қоса, тексеріс барысында 149 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен бірге жеке тұлғасын анықтау үшін ішкі істер органдарына 126 адам жеткізілді. 10 адам біздің елде көші-қон заңнамасын өрескел бұзған Өзбекстан азаматы болып шықты. Сонымен қатар тексеріс кезінде ата-анасы Қазақстанның басқа аймақтарында тұратын үш жасөспірім анықталды. Бұл балалар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылады», — деп мәлімдеді Алматы қаласының ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

ДереккөзZakon.kz