Қайырымдылық шарасы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, мүгедек балаларға және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп сөмкелері мен қажетті құрал-жарақтары тапсырылады. Акция барлық облыста, Астана, Алматы, Шымкенттегі ҚМДБ мешіттерінде, сауда және ойын-сауық орталықтарында өтеді.
«Уақып» қазақстандық қоры демеушілерді тарта отырып, оқу құралдарымен толтырылған 2000 сөмке сатып алды. Қор ниет білдірген азаматтарды балаларға сөмке және оқу құралдарын алу үшін «Мектеп сөмкесі» акциясына қосылуға шақырады.
Айта кетейік, «Уақып» қорының қызметі коммерциялық емес қайырымдылық ұйым ретінде әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, діни радикализмнің алдын алуға, білім-ағартушылық шараларды жүргізуге, сонымен қатар, діни бірлестік қызметкерлерлері жұмысының тиімділігін көтеру және діни мекемелердің қызметін қолдауға бағытталады.